Павлодарда бюджет қаржысын жымқырған мемлекеттік қызметкер сотталды
Павлодар іргесіндегі Ақсу қаласында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға құрылысы аяқталмаған үйден пәтер сатып алған мемлекеттік қызметкер сотталды. Жергілікті әкімшіліктің құрылыс бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарған бас маманның салғырттығынан мемлекетке 50 млн. теңге көлемінде шығын келді. Қатты дауыл кезінде бұл үйлердің қабырға кірпіші құлап, төбесі ашылып қалды.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын Ақсу қалалық құрылыс бөлімінің
басшысы да сыбайластық бабы бойынша 7 жылға қамалған еді. Бұл жолы сот
күдіктінің жас балалары бар екенін және бұрын сотты болмағанын ескеріп жазаны
жеңілдетті.
Маржан Құрманғалиева, облыстық соттың баспасөз қызметінің бас маманы:
Қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде келтірілген залалды өтеуін, жас балаларының болуын және жауаптылықтан құтылатын мән-жайды, қабылданған антты бұзуын ескере отырып, Д-ға өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салу мен екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16