Абай облысына 14 млрд теңге қайтарымсыз грант бөлінген
Абай облысында әлеуметтік осал топтардың кәсіпкерлік бастамалары мемлекет тарапынан кең қолдауға ие болды. Тек биылдың өзінде көпбалалыларға, мүмкіндігі шектеулі жандар, асыраушысынан айырылғандар мен оңтүстік өңірден қоныс аударғандар сынды санаттағы 204 адам өз ісін бастауға мүмкіндік алған. Оған қоса, «Субсидияланған жұмыс орны» бағдарласамын қолданып, жұмысқа тұрғандар саны артып келеді. Нәтижесінде өңірде жұмыссыздық саны азайды, дейді мамандар.
Мақсат Оспанов екі жыл бұрын тағам түрлерін өндіретін шағын цех ашқан. Содан бері кәсібі ілгерілеп, тұтынушылары көбейіп келеді. Ет, құс етін қақтап, шұжық дайындайды. Жартылай фабрикаттар шығарады. Қазір өнімнің 20-ға жуық түрі бар. Шағын кәсібінің ширауына мемлекет қолдауы орасан дейді. Өйткені қол астындағы жұмысшыларының тең жартысының жалақысы мемлекет төлеп отыр.
Мақсат Оспанов, грант иегері:
Мемлекет тарапынан көмек, оншақты жұмысшы істейді. Соның бесеуін мемлекет қамтамасыз етіп отыр ғой. Жалақысын өздері төлейді. Бізге үлкен көмек. Жеңілдік қой ол деген.
Биыл өңірде 3 мыңнан астам адам субсидияланған жұмыс орындарына жолданған. Қайтарымсыз грант алып, кәсібін дөңгелеткендер де аз емес.
Роллан Көпбаев Жетісу облысынан көші-қон бағдарламасымен қоныс аударған. Мемлекет қолдауымен үй алып, жұмысқа орналасты. Енді шағын кәсіп ашуға да мүмкіндік алған. Бөдене шаруашылығын дамыту жобасы үшін қайтарымсыз 1,5 миллион теңгені грант бөлініпті.
Роллан Көпбаев, Аягөз қаласының тұрғыны:
Бөдене шаруашылығын жүргізіп отырмыз. Қазір 200 бас тұр. Бір апта бұрын 600 басқа тапсырыс келген болатын Семей мейрамханаларынан. Оны өңдеп жөнелттік. Инкубаторымыз бар. Соған салып, қайта балапан шығарып, ісімізді жалғастырып отырмыз. Аягөз қаласы бойынша жұмыртқасын сатамыз. Ешқандай кредиттің, қарыз, ақшаның қажеті жоқ. Бизнес жоспар жазып, бағдарламаға қатысса, әрине әркімнің қолынан келеді.
Еліміз бойынша 2025 жылы халықтың әлеуметтік әлсіз санатын қолдау үшін 14 миллиард теңгеден астам грант 9 мыңға жуық тұрғынға берілген. Абай облысында да аталған бағдарлама игілігін көргендер аз емес.
Еркебұлан Тұрсын, Еңбек мобильдігі орталығының директоры:
Бұл мақсатқа 320 миллион теңге қарастырылған болатын. Биыл жоспарға сай екі лектің қорытындысы бойынша 201 грант берілді. Мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, кафе, фас-фуд желілері, тігін ісі тағы басқа салаларда аталмыш гранттарды алған болатын.
Абай облысында биыл өңірлік карта аясында 22885 жұмыс орнын құру жоспарланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы