Балқаш қаласында 900-ден аса адам жұмыспен қамтылды
Қарағанды облысы Балқаш қаласында жұмысшы мамандықтарға сұраныс артуда. Мәселен, жыл басынан бері шаһарда 900 адам жұмыспен қамтылған. Оның басым бөлігі жұмысшы мамандықтарды таңдапты. Биыл Балқаштағы политехникалық колледжде 8 жұмысшы мамандық бойынша 115 азамат қабылданған. Мұнда студенттер тәжірибе жүзінде толыққанды білім ала алады. Ал 3-курстан бастап өндіріс орындарында ақылы түрде практикадан өтіп, кейін сол жерде жұмысын жалғастырады.
Нұржан Бектаев, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледж директорының орынбасары:
Жұмысшылар жылы болғандықтан, берілген грант саны мен мамандықтар саны көбейді. Жылда 5-6 мамандық бойынша оқытсақ, қазір 8 мамандық бойынша 115 адам қабылдадық. Балаларымыз 3-курстан бастап ақылы практикадан өтеді. Бітірген соң 100 пайыз жұмыспен қамтылады.
Балқашта өткен жылы 800 адам жұмыспен қамтылса, биыл бұл көрсеткіш артқан.
Онымен қоса жұмыссыз жандар арнайы курс арқылы керекті мамандықты игере алады.
Мысалы, қалада 30-дан аса тұрғын 3 айлық курстан өтіп, жұмысшы маман атанған.
Жанар Қаржанова, Балқаш қаласы «Мансап» орталығы директорының міндетін
атқарушы:
Балқаш қаласы бойынша 900-ден аса адам жұмыспен қамтылды. Қаламызда дәнекерлеуші, монтер, токарь, машинист сынды мамандықтар сұранысқа ие.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы