Басты Жаңалықтар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 8 айда 21%-ға өскен

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 8 айда 21%-ға өскен

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Үкіметаралық кеңестің 13-отырысын өткізді. Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту әлеуетіне тоқталды. Биыл 8 айда екі ел арасындағы тауар айналымы 21%-ға өсіп, 1,4 млрд долларға жетті. Қатысушылар кеңестің алдыңғы отырысында қабылданған бірлескен шаралардың жүзеге асырылу барысын қарады. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өсудің жаңа бағыттарын айқындады. Сондай-ақ екі ел аумағында орналасқан Хан Тәңірі шыңында тау туризмі бағыттарын жандандыру мәселелері талқыланды. Жиында қос елдің үкіметтері ынтымақтастықтың барлық негізгі бағыты бойынша екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады және 13-отырыс хаттамасына қол қойды.

Бөлісу