Димаш Құдайбергенннің Лондонда жеке концерті өтті
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Лондон төрінде жеке концертін берді. Сүйікті әншісінің өнерін тамашалауға әлемнің қиыр-қиырынан мыңдаған көрермен жиналды. Тұманды Альбиондағы тілшіміз Марина Бекенованың репортажы.
Араға 7 жыл салып Димаш Лондонға қайта оралды. Stranger, яғни Бейтаныс жан деп аталатын концерті дәл осы жерде өтеді. Ғимарат он екі жарым мың көрерменге дейін сыйғыза алады.
Ән кешіне диарстар 50-ден астам мемлекеттен жиналған. Олар Димашпен бірге елдерді аралап жүрген шын жанашырлары. Репертуарын жатқа біледі. Әсіресе қазақ тіліндегі әндерін сүйіп тыңдайды.
Люпита Веласкес, мексикалық жанкүйер:
Біз Мексикада өткен 2 концертіне де қатыстық. Одан кейін Барселонаға бардық. Қазір Лондондамыз және Германияда өтетін ән кешін көру үшін ізінен еріп барамыз.
Концерттік бағдарламаның тұжырымдамалық шешімі ерекше. Ол басы мен аяғы, шарықтау шегі бар тұтас бір қойылым түрінде өтті. Ішінде би де, қазақтың тарихын айқындайтын күй өнері де болды. Дарын иесінің сахналық костюмдері де керемет.
Марине Вейсель, израильдік жанкүйер:
Димашты көру, оның тілінде сөйлеу мен үшін үлкен бақыт. Димашқа және Қазақстан халқына бейбітшілік, денсаулық, қуаныш пен шабыт тілеймін.
Ән кешінің әсерлі өтуіне шығармашылық және техникалық топтың да қосқан үлесі сүбелі. Сахна жарығы, дыбыс, бәрі-бәрі жоғары деңгейде.
Қанат Айтбаев, продюсер:
Гастрольдік сапармен 44 адам жүрміз. Қазақстаннан, Қытайдан, Германиядан, Испаниядан, Кубадан және Ресей мен Украинадан келген біздің команданың мүшелері бар.
Шағын үзілістер кезінде экраннан әлемді бейбітшілікке шақырған бейне үндеулер берілді. Сахналық нөмірлер шағын бейнебаян көріп отырғандай әсер қалдырды.
Димаш Құдайберген Қазақстанның Халық Әртісі:
Музыканың жүректерді біріктіріп, өмірлерді өзгертетін күш-қуаты бар екендігіне сенемін. Бүгінгі кеште біз сол энергиямызбен бөлісудеміз.
Концерт 3 сағатқа созылып, түн жарымында аяқталды. Көрермен көпке дейін тарқамады, сүйікті әншісін қонақ үйінің алдында күтті. Димаш қанша шаршаса да бой көрсетіп, жанкүйерлеріне тағы бір ұмытылмас сәт сыйлады. Дарын иесі Лондоннан кейін Берлинде өнер көрсетеді.
Автор
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі бесінші маусымын бастады
13.11.2025, 20:16
Астанада лифт апатынан бір адам мерт болды
13.11.2025, 20:15
Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтті
13.11.2025, 20:13
Қызылордада бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
13.11.2025, 20:12
Қазақстан интернеттің қауіпсіз және заманауи инфрақұрылымын нығайтуға мүдделі
13.11.2025, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2025, 20:11
Өзбекстанда рухани мұралар форумы өтіп жатыр
13.11.2025, 20:10
Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасында қандай жаңа бағыттар айқындалды?
13.11.2025, 20:10