Басты Жаңалықтар Астанада лифт апатынан бір адам мерт болды

Астанада лифт апатынан бір адам мерт болды

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің бірінде лифт апатынын бір адам мерт болып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жедел барған әріптесім Азамат Бейбітұлы материалда мән-жайды тарқатып айтады.

Төлебаев көшесінде орналасқан үйдің лифтін жөндеу кезінде қайғылы жағдай салдарынан лифт компаниясының бір қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі қызметкер көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазір науқастардың бірінің жағдайы орташа ауыр, ал екіншісінікі ауыр деп бағаланып отыр.

Азамат Бейбітұлы, тілші:

Бүгінгі қайғылы оқиға тап осы кіре берісте болған. Тұрғындардың айтуынша бұл кіре беріс төр ай бұрын ғана қолданысқа берліген. Яғни, жаңа десек те болар. Бірақ, соның өзінде жеделсаты апатты жағдайда екенін тұрғындар бірнеше рет айтып, арызданған екен.

Меруерт Исамбаева, қала тұрғыны:

Лифт жарты жылдан кейін құламайды. Ол 25 жыл тұратын нәрсе.

Айым Көшербаев, қала тұрғыны:

Біздің лифттердің қожайыны жоқ. Тіпті паспорты жоқ. ОСИ аштық, дегенмен бізге құрылысшы бір қағаз берген жоқ.

Оқиға орнына «Алматы» ауданының әкімі Рүстем Тәуекелов келді.

Рүстем Тәуекелов, «Алматы» ауданының әкімі:

Лифтіні өшіргенде бекітпеген, сосын грузды шешкенде артық салмақпен құлаған. Бүгіннен бастап лифтті жабамыз. Экспертизаға өткіп, оның шешімі шыққанан кейін тағы бірге кездесеміз.

Лифтінің құлау фактісі бойынша еңбек инспекциясы, полиция департаменті, тұрғын үй инспекциясы және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдерінен комиссия құрылған. Оқиғаның себептері тергеліп жатыр.

Бөлісу