Өзбекстанда рухани мұралар форумы өтіп жатыр
Өзбекстанда «Рухани мұра және Орталық Азиядағы ағартушылық» тақырыбында халықаралық конгресс өтіп жатыр.
Ташкенттегі жаңадан ашылған ислам өркениеті орталығында басталған жиынға 1 000-нан астам делегат келген. Ғалымдар бауырлас елдер арасындағы ортақ мұралар мен болашақта атқарылатын тың жобалар жайлы пікір алмасты. Әлеуметтік желілерде тарихты бұрмалайтын ақпараттар кездеседі. Осы ретте тарихшылар әрбір оқиға ғылыми негізде ғана айтылуы тиіс екенін атап өтті. Ал Қазақстанның Ұлттық Академиялық кітапханасы Ташкенттегі ислам өркениеті орталығына 60-тан астам кітапты сыйға тартты. Туындылар Абай шығармалары мен қазақ тарихына арналған.
Күміс Сейітова, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының директоры:
Алмастыру бойынша барлық кітапханалармен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі күні 40-тан астам меморандум бар. Соның аясын кеңейтіп, электронды форматты дамытып жатырмыз.
Бүркіт Аяған, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
Бұндай жиындар сондай бір артық әңгімеге тыйым салуы тиіс. Ғылыми тұрғыдан қарағанда да. Жалпы тарихшылар арасында мұндай жоқ. Тек бірен-сараны болмаса.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Интернет алаяқтық азаймай тұр
24.04.2026, 20:59
ЕуроОдақ ядролық энергетиканы қарқынды дамытпақ
24.04.2026, 20:30
Иран дағдарысына қатысты бейресми саммит өтіп жатыр
24.04.2026, 20:28
Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
24.04.2026, 20:27
Шекарадағы құжат тексерісі азаяды
24.04.2026, 20:27
Мегаполисте 85 мыңнан астам автокөлік иесі салық төлемеген
24.04.2026, 20:18
Шілдеден бастап банктер бір QR-кодқа қосылады
24.04.2026, 20:17
RES 2026 EXPO: Жасыл энергия көрмесінде құны $2,3 млрд болатын келісімшарттар жасалды
24.04.2026, 20:14