«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолының 28 шақырымы ашылды
«Ақтөбе – Ұлғайсын – Қарабұтақ» тас жолының бір бөлігінің құрылысы аяқталды. «Самара – Шымкент» тас жолының Жазық бекеті маңындағы бұл учаскеге 28 шақырым тас жол мен көпір салынды. Мердігер мекеме жұмысты белгіленген мерзімнен ерте бітірген. Құрылысқа 433 қызметкер мен 263 техника жұмылдырылды.
Ақтөбе қаласы мен Қарабұтақ ауылын қосатын бұл жол талай жылдан бері жүргізушілерді титықтатып келеді. Алайда, бұл қиындықтан құтылатын күн алыс емес. Бұған дейін облыс орталығы мен Ұлғайсын елді мекеніне дейінгі 262 шақырым жолды жаңғырту жұмысы басталған еді. Бүгін осы жолдың бір бөлігі қолданысқа берілді.
Асылбек Есенбаев, облыс әкімінің орынбасары:
Маңыздылығы сөзсіз. Біріншіден облысымыздың экономикасының дамуына үлес қосады. Екіншіден жолаушылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігі.
Бұл жол бірінші техникалық санатқа сәйкес төрт жолақты болады. Екі көпір, жолайрықтар мен 44 су өткізу құбыры салынуы тиіс. Жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Құрылыс жеті учаскеге бөлінген. Оның біріндегі жұмыс бүгін аяқталса, қалғаны 2028-інші жылы мәресіне жетеді.
Дархан Иманашев, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы:
Былтыр «Ақтөбе-Қандыағаш» тапсырылды. Биыл 230 шақырым орташа жөндеумен қамтылды. Сол жұмыстарға елу млрдтан астам теңге бөлінді. Бұл тек Ақтөбе облысы бойынша.
Аймақтың транзиттік әлеуеті үлкен. Тек осы жолмен тәулігіне 18 мың көлік өтеді. Биыл өңірде жол саласындағы 186 жобаға 68 млрд теңге бөлініп, 565 шақырым жол қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 78-ден 82%-ға жеткізу жоспарланып отыр.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Димаш Құдайбергенннің Лондонда жеке концерті өтті
13.11.2025, 20:17
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі бесінші маусымын бастады
13.11.2025, 20:16
Астанада лифт апатынан бір адам мерт болды
13.11.2025, 20:15
Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтті
13.11.2025, 20:13
Қызылордада бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
13.11.2025, 20:12
Қазақстан интернеттің қауіпсіз және заманауи инфрақұрылымын нығайтуға мүдделі
13.11.2025, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2025, 20:11
Өзбекстанда рухани мұралар форумы өтіп жатыр
13.11.2025, 20:10