Қоғам белсендісі: Әлеуметтік желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу керек
Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында ЛГБТ тақырыбына қатысты материалдар аз емес. Әсіресе, әлеуметтік желілерде бұл бағыттағы жарияланымдар жиілеген. Мамандардың айтуынша, өткен жылы осы тақырыпқа байланысты 1500-ден астам материал жарық көріпті. Қоғам белсендісі, «ЛГБТ насихатына заңмен тыйым» петициясының авторы Бағила Балтабаева соңғы жылдары біржынысты топтардың ашық түрде қоғамдық шерулерге шығып, түрлі-түсті жалаумен өз көзқарастарын насихаттайтынын айтады. Оның пікірінше, мұндай әрекеттер мен әлеуметтік желілердегі ашық парақшалар балалардың санасы мен дүниетанымына теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салып, әкімшілік жауапкершілікпен шектелмей, жазасын қатаңдату керек, - деп отыр.
Бағила Балтабаева, қоғам белсендісі:
Ашық түрде жарияланған парақшалар болды. Сол жерде оқырманы болып жазылған жасөспірім, бала-шаға. Осындай ақпарат тым көп болғандықтан баланың санасына әсері тигізетіні айдан анық. Азғын ақпараттардан сақтайтын болсақ, әлбетте балалар әрқайсысы өз жолында, оқу-білім, өркендеу бағытында жүреді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы