Қаптамасы құлаған үй: Жауаптылар әлі анықталған жоқ
Астанада тұрғын үй қаптамасынан зардап шеккендерге қатысты іске жауаптылар әлі анықталған жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты. Оның сөзінше, оқиға «сапасыз құрылыс» бабымен қаралып жатыр. Мән-жайды анықтау үшін арнайы комиссия сот-медициналық және құрылыс сараптамасын бастаған. Күдіктілер соның нәтижесі шыққаннан кейін ғана белгілі болады.
Еске салсақ, оқыс оқиға 8 қараша күні болды. Үйдің алдыңғы бөлігіне орнатылған
кондиционер қондырғысы мен сыртқы кірпіш қаптамасы құлап, 5 адам жапа шекті.
Олардың екеуі әлі жансақтау бөлімінде жатыр.
Санжар Әділов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
Бірнеше рет сапасыз қаптама жасаған құрылыс компаниясының әрекетіне құқықтық баға береміз. Тергеушілер қажет құрылыс құжаттарын тәркілеп, қаптама жұмыстарына қатысты барлық материалды жинақтады. Бірақ күдіктілер әлі анықталған жоқ. Өйткені бәрі мұқият зерделенуі тиіс.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балалар спортына бөлінетін қаржы көлемі көбейеді
02.03.2026, 20:58
Роботтар неміс делегациясына шоу көрсетті
02.03.2026, 20:57
«Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасып жатыр
02.03.2026, 20:38
Жаңа Конституция жобасы – әділетті қоғамның кепілі
02.03.2026, 20:18
Президент жаңа Конституция жобасының мәтінімен жеке өзі жұмыс істеген
02.03.2026, 20:16
Жаңа Конституция жобасы - халықтық құжат
02.03.2026, 20:13
Маңғыстау облысында ауызсу мәселесі толық шешілді
02.03.2026, 20:11
Жаңа Конституция жастардың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді
02.03.2026, 20:10