Маңғыстауда шенеуніктер 9 млрд теңгені мақсатсыз жұмсамақ болған
Маңғыстау облысында прокуратура органдары 9 млрд теңге бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуын тоқтатты.
Заңбұзушылықтар облыстың барлық аудан-қаласында анықталған. Мәселен, Ақтау әкімдігі әрқайсы 6,7 млн теңгеге бағаланған 12 киіз үй сатып алмақ болған. Ал олардың нарықтағы құны төрт есе арзан. Қала көшелеріне жерасты қоқыс жәшіктерін орнату жобасына да тым жоғары баға қойылғаны белгілі болды. Прокурорлық қадағалаудың нәтижесінде 34 жауапты тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, тағы жүзден астам адамға тәртіптік шара қолданылды.
Олжас Айтуар, Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры:
Ақтау қаласының жергілікті атқарушы органымен, нәтижесінде прокуратураның қадағалау актісімен аталған сатып алу күшін жойды. 81,4 млн теңгені құрайтын бюджет қаражаты үнемделді. Тауарлардың жоғары бағалануы, артық және қажеттілігі жоқ тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алуды жоспарлау, сондай-ақ бюджеттік өтінімсіз негізсіз қаражаттың бөлінуі деректері анықталды.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16