Басты Жаңалықтар Ақтөбе өңіріндегі ең ірі су қойма жаңартылады

Ақтөбе өңіріндегі ең ірі су қойма жаңартылады

 Ақтөбе облысының ең ірі су қоймасы жаңартылады. 50 жыл бұрын салынған бұл нысанның сыйымдылығы - 280 миллион текше метр.

Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылы басталады. Қазір жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Реконструкция барысында Қарғалы су қоймасының су реттеу құрылғылары толықтай ауыстырылады. Нысанды энергиямен қамту үшін шағын су электр стансасы орнатылады. Бұған дейін салынғанына 36 жыл болған Елек өзеніндегі «Ақтөбе» су қоймасы алғаш рет жөнделген еді. Қазір Сазды су қоймасындағы жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын.

Тимур Тілеуов, «Қазсушар» РМК филиалы директорының орынбасары:

Жаңа видеокамералар салынады. Бетондық жұмыстар, жабдықтардың бәрін ауыстыру, жөндеу, жаңадан 3,5 км жолды жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
 

Бөлісу