Димаштың жанкүйерлері қазақша үйрене бастады
Шетелдіктер жаппай қазақ тілін үйрене бастады. Олардың ұлы Абай тіліне деген махаббатын Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген оятқан. Әріптесім Марина Бекенова сабақтасын.
Кәусар Ғалымжанқызы «Балапан» телеарнасы арқылы танымал жасөспірім. Бұған дейін қазақ балаларына «Мисс Кәусар» хабары арқылы ағылшын тілін оқытып келсе, қазір шетелдіктерге Димаш ағасының ана тілін үйретіп жүр.
Көпшілік үшін бұл жай ғана тіл үйрену сабағы емес, сүйікті әншісінің отаны – Қазақстанмен етене танысуға бағытталған алғашқы қадам. Курсқа қатысушылар арасында Ұлы Абай тілінде еркін сөйлейтіндер де бар.
Джанайна, бразилиялық жанкүйер:
Димаштың шығармашылығын өте жақсы көремін. Димаш маған Қазақстанның мәдениетімен тереңірек танысуға себепші болды.
Джой, АҚШ жанкүйері:
Димаш пен оның отбасына Қазақстанның бай мәдениетімен, ғажап тілімен және әсем музыкасымен таныстырғаны үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.
Dimash UK Dears» - әр басқосуы отбасылық мерекеге айналатын қауымдастық. Биылғы тойға 50 елден келген 350 жанкүйер қатысты. Оларға дарын иесінің сәлемін ата-анасы жеткізді.
Қанат Айтбаев, продюсер:
Сіздермен әрбір кездескен сайын сіз бен бізге ортақ әртісіміз Димаш шабыттанып, керемет әндер жазады.
Ұлттық арна да Димаштың Астана қаласында өткен концертін 16 желтоқсанда көрсетеді. 2 жарым сағаттық эксклюзив өнер кеші көпшілікті тәнті етері сөзсіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы