Павлодардағы бұрынғы онкологиялық аурухана жатақханаға айналады
Павлодардағы бұрын онкологиялық аурухана болған ғимарат Әлкей Марғұлан атындағы мемлекеттік университетке берілді. Студенттерге жатақхана салу үшін. 4500 студент білім алып жатқан оқу ордасы қазір нысанға техникалық сараптама жасатып жатыр. Соның нәтижесі бойынша ескі ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіледі немесе сүріліп жаңадан салынуы мүмкін. Бірақ бұл жұмыстар мелекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүргізіледі.
Серіктестік кәсіпорындарды тарту міндеттеледі. Өйткені бұл жерде тек қана министрлік қаражатына салу мүмкін емес. Университеттің бір жылдық қаражаты толықтай ғана бұл мәселеге арналып кететін болады әйтпесе. Сондықтан біз демеушілерді тарту жағын қарастырамыз.
Ал инвесторға қатысты үлкен мәселе туындауы мүмкін. Себебі осыдан бірнеше жыл бұрын дәл осы университетке жатақхана салу үшін қаланың қақ ортасынан жер телімі берілген. Алайда құрылысқа жауапты мердігер компания жатақхана салынатын учаскені өз атына рәсімдеп алып, кейін ол жерге бизнес санатындағы тұрғын үй салып тастады. Сол жағдай тағы қайталанбас үшін ғимаратты Ғылым және жоғары білім министрлігінің балансына тіркепті. Яғни, инвестормен келісім-шарт жасаудың заңдылығы жоғарғы өкілетті орган тарапынан қадағаланады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы