Президент Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасымен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті. Әңгіме барысында Президент бұл сапарын Қазақстан – Ресей сан қырлы ықпалдастығының айтулы кезеңі ретінде қарастыратынын айтты. Тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық келісімге заңнама тұрғысынан сапалы қолдау көрсетудің және Қазақстан мен Ресей парламенттерінің күш-жігерін үйлестірудің маңызын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бұл сапар елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан тарихи маңызға ие. Кеше Владимир Владимировичпен екі сағатқа жуық жүзбе-жүз отырып әңгімелесіп, көптеген мәселені, өзара ынтымақтастықты және халықаралық ахуалды талқыладық.
Валентина Матвиенко, Ресей Федералды жиналысы Федерация
Кеңесінің төрағасы:
Сіздің сапарыңызға өте үлкен дайындық жүргізілгенін білемін. Мазмұнды бағдарлама мен мемлекетаралық құжаттар пакеті әзірленді. Бүгін бұл құжаттарға мемлекеттер басшылары қол қояды. Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің «Российская газета» басылымына жарияланған мақалаңызды мұқият оқып шықтым. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тарихы, бүгіні және болашағы жайында өте терең толғам жасағансыз.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30