Президент «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарының екінші күнін «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен бастады. Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады. Содан соң Құрмет қарауылы еліміздің ресми делегациясының алдынан салтанатпен сап түзеп өтті. Қазақстан Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Майданға 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы ерлікпен қаза тапты. Бес жүзден астам отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанды.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30