Оралда Қазақстан – Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтуде
Оралда өтіп жатқан Қазақстан – Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында жұмысшы мамандықтар жылына арналған көрме ұйымдастырылды.
Ауқымды шараға отандық ірі компаниялар, жергілікті кәсіпорындар мен 14 колледж қатысып жатыр. Олар жаңа технологиялар мен жасанды интеллект әдісімен жасалған стартап жобаларын келушілер назарына ұсынды. Көрме цифровизация, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы бағытындағы тақырыптық бөлімдерді қамтиды. Ал түстен кейін, яғни Қазақстан – Ресей өңіраралық форумының екінші күнінде қос елдің басшылары бейнебайланыс арқылы сөз сөйлейді. Іс-шараның жалпы отырысында басты сұрақтар талқыланып, ортақ шешімдер қабылданбақ. Екі жақ маңызды салалар бойынша құжат алмасады.
Нариман Төреғалиев, облыс әкімі:
Жұмысшы мамандықтар жылына арналған форумда біздің колледж студенттерінің форумнан алатыны өте көп. Біріншіден, жалпы өңірдегі барлық колледж дуальді оқыту арқылы тікелей тәжірибе алмасу бағытында үлкен-үлкен кәсіпорындармен байланысы бар.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23
Волейболдан Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталады
11.04.2026, 20:19
Түркістандық тұрмыстық қалдықты табыс көзіне айналдырды
11.04.2026, 20:17
Республикалық ата-аналар форумы өтті
11.04.2026, 20:15
Maqsut Narikbayev University-де жасанды интеллект бойынша тегін «AI Upgrade» курсы іске қосылады
11.04.2026, 20:14
Ғұмырын ғылымға арнаған – Қаныш Сәтбаев
11.04.2026, 20:12
Қарағандыда ғылым күніне орай халықаралық конференция өтті
11.04.2026, 20:10
Қазақстан тарихының бесінші томы бекітілді
11.04.2026, 20:09