Ақтөбе облысында «Салбурын-2025» сайысы өтті
Ақтөбе облысында «Салбурын-2025» сайысы өтті. Оған еліміздің жеті облысынан және Астана, Шымкент қалаларынан 85 құмай тазы баптаушы арнайы келген. Бұл байқау өңірде осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Алғашқы салбурын Ырғызда өтсе, соңғы жылдары тазы жанашырларының ұйғарымымен Хромтау ауданы таңдалған. Сайдың тасындай іріктелген тазылар 8 топқа бөлініп жарысқа түсті. Байқаудың жүлде қоры бір миллион теңге. Бас бәйгені Мұғалжар ауданынан келген «Қазына» атты жүйрік иеленді. Бұл шараны таза қанды тазы асыраушылар өз күшімен ұйымдастырды. Болашақта әкімдік тарапынан көмек болса дейді.
Оралбек Мақатов, «Тазы жанашырлары» бірлестігінің мүшесі:
Қаражат жағынан көмектескен жөн болды. Үлкен, аға буын жігіттері, қасымызға балаларымызды алып келдік, үйренсін деп. Ертең мұра болып қалады. Тазы баптау, тазы баулу, тазыны дамыту жағын алып кетсін деп жас түлектерді, жас балаларды алып келдік.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05
Кеденде ақпарат алмасу күшейеді
21.10.2026, 10:04