Димаш Құдайберген СNN телеарнасына сұқбат берді
Әлемге әйгілі, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Лондондағы концертінің алдында СNN телеарнасына сұқбат берді. Сегіз жыл бұрын Қытайдың ән байқауы арқылы жер-жаһаннан жанкүйер жинаған қазақ әншісінің дауыс диапазоны алты октаваға жететінін әлемдік музыка майталмандары мойындағаны белгілі. Ол 16 тілде ән айтады. «Жақында АҚШ-та Мэдисон скуер гарденде жеке концерті өтті, ал осы аптада Лондонда өнер көрсетпек» деп таныстырды Димашты телеарна жүргізушісі. Сұқбатта жүргізуші Димаштың Қазақстанда қайда білім алғаны жайлы, оның мансаптық жолының қалай басталғаны, сондай-ақ бірегей дауысының құпиясына қатысты сан алуан сұрақ қойды.
Макс Фостер, журналист:
Сізді алғаш тыңдаған кезде, сізді елдің нағыз мәдени елшісі екеніңізді түсіндім. Қазақстанды жер-жаһанға таныту сіз үшін қаншалықты маңызды?
Димаш Құдайберген:
Әрине, бұл менің басты миссиям. Мен атақ пен мансаптың, табыс пен олжаның соңында жүрген жоқпын. Менің арманым мен мақсатым – өз жерімнің, өзі елімнің тарихын, дәстүрін, мәдениетін, бейбітшілік пен махаббатын әлемге әйгілеу.
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ниагара сарқырамасы көк тудың түсіне боялды
26.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнімен құттықтаған шет мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілеріне алғысын білдірді
26.10.2026, 20:00
Қазақстанның экономикалық жетістігі – Орта Азиядағы көшбасшылығының айғағы
26.10.2026, 19:53
Соңғы 7 жылдағы елеулі өзгерістер
26.10.2026, 19:51
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00