Басты Жаңалықтар Маңғыстаулық студент Қытайдағы чемпионатта қола медаль жеңіп алды

Маңғыстаулық студент Қытайдағы чемпионатта қола медаль жеңіп алды

Маңғыстаулық студент Қытайда өткен «BRICS» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Маңғыстау энергетикалық колледжінің 4-курс студенті Сағыныш Габбас «Деректерді талдау және визуализация» құзыреттілігі бойынша Қазақстаннан жалғыз өті қатысып, 140 қа жуық IT маманның арасында жоғары нәтиже көрсеткен. 

Сағыныш Ғаббас колледжде IT мамандығында оқиды. Халықаралық байқауға оқытушысы Данияр Орынбасаровпен бірге дайындалған. Чемпионатқа 9 елден 140 қа жуық адам қатысқан. Сағыныш 4 модульден тұратын жарыста арнайы тапсырмалардың бәрін орындаған. Содан соң, дүниежүзінің экологиялық мәселелерін жинақтап, шешімдерін көрсетіп, жоба әзірлеген.

Сағыныш Ғаббас, Маңғыстау энергетикалық колледжінің 4-курс студенті:

Общий проблема іздеп көрдім, презентацияға қосып. Общий решенияларды көрдім. Оларды бәрін жаздым, презентация ішіне дұрыстап көрсетіп. Соны қабылдап, көп балл алдым. Компетенция негізі дата аналитик деген – ол көп ақша табатын мамандық. Бірақ көбі өте алмайды ол жұмысқа. Потому что ол опытпен келеді. Логический структурамен келеді. Как раз так миымыздан.

Деректерді талдау және визуализация дегеніміз, кез-келген саладағы ақпараттарды жинап, адамдарға жеңіл түрде түсіндіруге арналған бағдарлама. Соның арқасында нақты шешімдер қабылдау оңай болады. Сағыныштың жобасы Қытайда қалған. Оны сол елдің экологтары пайдалана алады.  

Данияр Орынбасар, Маңғыстау энергетикалық колледжінің бағдарламалық қамтамасыз ету пәнінің оқытушысы:

Бэкенд жағы мықты, код жазуы мықты. Өзінің икемі бар, ынтасы бар бала. Осы ай-тиді оқып, жұмыс жасаймын деген ынтасы бар бала болғандықтан соны таңдадым. Финалды байқауға шақырту алдық, онлайн отбор өтіп. Әлемдік деңгейде үшінші орын алу жалпы Қазақстанның атын қорғау, Қазақстанның туын желбірету – біз үшін керемет жетістік болып саналады.

«Деректерді талдау және визуализация» құзыреттілігі енді елімізде оқу бағдарламаларына енгізілмек. Халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша чемпионаттың штаб-пәтері Маңғыстау энергетикалық колледжін «Болашақ технологиялар мен дағдылар» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырған.


Бөлісу