ШҚО-да ТЖД мамандары халыққа ұзақ жолға шықпауды ескертіп жатыр
Шығыста соңғы екі тәулікте ауа райы сағат сайын құбылып тұр. Оңтүстік аудандарда қатты жаңбыр жауса, өңірдің солтүстігін қар басып қалды.
Олжас Керейхан,тілші:
Барлық бағыт бойынша жол ашық. Дегенмен Төтенше жағдайлар департаменті халыққа ұзақ жолға шықпауды ескертіп жатыр. Кейбір жолы қиын бағыттарға түнгі уақытта тіркемелі көліктерге жүруге шектеу қойылды. «Қазгидромет» орталығы қолайсыз ауа райы әлі де сақталатынын хабарлады. Қар жауып, көктайғақ пен боран соғады. Кейбір аудандарда желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Ал автокөлік жолдарын қыста қардан тазалауға жалпы 957 арнайы техника әзірленді. Олар аймақтың климаттық ерекшеліктеріне қарай әр ауданға бөлінген. Республикалық маңызы бар жолдарға 103, облыстық бағыттарға 119 техника дайындалды. Ал аудан мен қала көшелеріне тағы 735 техника жұмылдырылмақ. Қорда – 140 мың литр жанармай, 50 тонна техникалық тұз, 800 тонна көмір дайындалды. Жолдардың бойында 7 жылыту пункті және «Жедел медициналық көмек орталығының» дәрігерлік бекеті де жұмыс істейді. Өскемен өзінде кешеден бері алғашқы жауған қарды 2 аусыммен 100-ге жуық техникамен тоқтаусыз шығарып жатыр.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ жастары ағылшын тілін үйрететін қосымша жасап шықты
11.11.2025, 10:12
Келесі жылы ҚҚС қайтару процесі жеңілдейді
11.11.2025, 10:08
АҚШ сенаты шатдаунды аяқтау туралы заң жобасын мақұлдады
11.11.2025, 10:07
Нью-Делиде көлік жарылып, 9 адам қаза тапты
11.11.2025, 10:06
Павлодарда СЭС ғимаратын кеміргіштер мен көгершіндер жайлаған
11.11.2025, 10:02
Елімізде соңғы аптада 150 мыңнан аса адам тұмау жұқтырған
11.11.2025, 09:57
Үкімет отырысында геология саласын дамыту және халықты дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі қаралады
11.11.2025, 09:52
Президент әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды қарастыруды тапсырды
11.11.2025, 09:51