Павлодарда СЭС ғимаратын кеміргіштер мен көгершіндер жайлаған
Павлодар қаласының санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармасын кеміргіштер мен көгершіндер жайлаған. Әбден зәрезеп болған мамандар мұны камераға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. 30 адам жұмыс істейтін мекеме үш қабатты. Үшінші және бірінші қабаты жартылай бос. 1959 жылдан бері ғимаратқа күрделі жөндеу жасалмаған. Қаладағы бүкіл мекеменің тазалығын қадағалайтын органда антисанитариялық жағдайдың қалыптасуы көптің наразылығын тудырды.
Асқар Құлатаев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары:
Егеуқұйрық пен тышқандар пайда болуының негізгі себебі нысан ескі болғандықтан деп ойлаймыз. Ал көгершіндер бойынша үстіндегі шатыры ашық болғаннан кейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде пайда болуы мүмкін.
Ғимараттың маңдайшасындағы Елтаңбаның да әбден бояуы кетіп, тозығы шыққан. Мемлекеттік мекемені осындай күйге түсірген басқарма басшысы Александр Сафьянниковке облыстық департамент ескерту жариялаумен шектелген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы