Құлалы аралынан 70-тен астам итбалықтың өлексесі табылды
Маңғыстауда Құлалы аралының жағалауынан 70-тен астам итбалықтың өлексесі табылды.
Экологтар, балық инспекциясы мен гидробиология және экология институтының мамандары аралға арнайы барған. Өйткені жылда Түпқараған ауданы аумағынан және Құлалы жағалауынан өлген итбалықтар табылады. Биыл да солай. Институт мамандары су жануарларынан қажетті сынамалар алып, экологтар теңіздің суын тексерген.
Еске салайық, өткен аптада Түпқараған ауданы Бозашы мүйісінен 112 итбалықтың
өлексесі табылған болатын. «Қызыл кітапқа» енген Каспий эндемигі – вирустан қырылуы
мүмкін деген болжам бар.
Қайсар Нәдірбек, облыстық Экология департаментінің бөлім басшысы:
Бізге итбалықтар өлген аумақта, яғни Каспий теңізінде мұнаймен ластану, болмаса тағы да өзгеше химиялық заттармен ластану болуы мүмкін. Сол үшін біз судан сынамалар, мониторинг жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесі бойынша Каспий теңізінің суында ешқандай ластаушы заттар анықталмады.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16