АҚШ-та үкімет жұмысының тоқтағанына 40 күн болды
АҚШ-та үкіметтің жұмысы тоқтағанына 40 күн болды. Бұл – ел тарихындағы ең ұзақ шатдаун. Бұған дейінгі рекорд та 2018-2019 жылдары Дональд Трамп әкімшілігі кезінде тіркелген, ол кезде үкімет 35 күнге жабылған еді.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Қазір Вашингтонда федералды мекемелердің көбі толық немесе жартылай жұмыс істемей тұр. 900 мыңнан астам қызметкер ақысыз демалысқа жіберілді, тағы шамамен 2 миллион адам жалақысыз жұмыс істеп жүр. Көлік министрі бұған дейін әуе қозғалысына қауіп төнуі мүмкін екенін ескертті. Егер жағдай тез арада шешілмесе, елдің кейбір аймақтарында әуе кеңістігі жабылуы мүмкін.
Джеймс Фаранда, АҚШ Кеден және шекара қызметінің қызметкері:
Бұл - қиын жағдай, өйткені бәрі белгісіз. Сол себепті олардың тезірек келісімге келіп, біз өз жұмысымызды – яғни америка халқы үшін қызмет етуді жалғастыра алсақ екен деймін.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Шатдаун тек мемлекеттік қызметтерге ғана емес, әлеуметтің әлсіз топтарына да соққы болып тиді. Қазіргі таңда әрбір сегізінші америкалық, яғни 42 миллион адам үкіметтен азық-түлікке қаржы алады, бірақ қаржыландырудың тоқтауына байланысты осы айда төлемдер толық жасалмады.
Шарлотта Джеймс, психикалық денсаулық жөніндегі маман:
Мен Конгресс бұл жағдайды шешіп, үстіміздегі ауыр бұлтты сейілтсе екен деп үміттенемін, өйткені мен бұл туралы қатты уайымдап жүрмін. Бұл менің күнкөрісіме, еңбекақыма, жұмысқа баруыма және әріптестеріме тікелей әсер етеді.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Саяси дағдарыстың негізгі себебі – федералды қаржыландыруға қатысты заң жобасын сенат бекітпей отыр. Республикашылдар денсаулық саласына қаралған бюджет шығынын қысқартқысы келеді, бірақ демократтар оған қарсы.
Хаким Джеффрис, Өкілдер палатасындағы
демократтар көшбасшысы:
Біздің ұстанымымыз айқын: Үкімет жұмысын қайта бастауы керек. Еңбекқор федералды қызметкерлерімізді қолдайық. Бұл елде өмір сүру тым қымбатқа түседі. Дональд Трамп пен оның тарифтері жағдайды жақсартып емес, керісінше, ушықтырып жатыр.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Экономистердің есебі бойынша, үкімет жұмысының тұралауынан ел экономикасына аптасына шамамен 15 миллиард доллар шығын келіп жатыр. Осылайша бұл қазірдің өзінде АҚШ тарихындағы ең ұзақ және ең қымбатқа түскен үкіметтің тоқтауы болып отыр.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10