Спортшыларымыз Токиода өтетін Сурдлимпиада ойындарына аттанды
Алматыда XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына спортшыларымызды шығарып салу салтанатты өтті. Шараға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысып, ұлттық құрамаға Мемлекеттік Туды табыс етті.
Дода 15–26 қараша аралығында Жапония астанасы - Токиода өтеді. Турнирге 80 елден жиналған 3 мыңға жуық спортшы 21 спорт түрі бойынша бақ сынайды. Ұлттық құрама бұл жарысқа 78 спортшымен қатысып, ел намысын абыроймен қорғауға ниетті. Спортшыларымыз осыған дейін 50-ден аса оқу-жаттығу жиынын өткізіп, 14 халықаралық турнирде бақ сынап, 98 медаль жеңіп алған. Бұл жолы спортшылар жеңіл атлетика, еркін және грек-рим күресі, бадминтон, үстел теннисі, жүзу, дзюдо, таеквондо секілді 8 спорт түрінен бәсекеге түседі.
Айдос Түгелбаев, XXIV жазғы сурдлимпиада ойындарының жүлдегері:
Сурдлимпиада ойындарына 3 рет қатыстым. Дзюдомен 15 жасымнан бері айналысамын. Бүгін – мен үшін ерекше күн. Сурдлимпиадада Қазақстанның көк туын алып шығу – үлкен жауапкершілік. Біз ел намысын қорғап, жеңіс үшін бар күшімізді саламыз.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04