Қазақстан - Дональд Трамптың екінші мерзімінде Ибраһим келісіміне қосылған алғашқы мемлекет
Қазақстан АҚШ Президенті Дональд Трамптың екінші мерзімінде тарихи Ибраһим келісіміне қосылған алғашқы мемлекет атанды. Бұл - әлемде бейбітшілік пен өркендеуге көпір салуға бағытталған маңызды қадам, дейді АҚШтың мемлекеттік департаменті жариялаған ресми мәлімдемеде. Әрі Вашингтон мен Астана бұл шешімді ресми түрде бекіту үшін арнайы қол қою рәсімін өткізуді жоспарлап отыр делінген хабарламада. АҚШ сарапшыларының айтуынша, бұл оқиға елдің жаһандық дипломатиядағы беделін арттырып, халықаралық деңгейдегі сенімді серіктес ретіндегі рөлін күшейткен тарихи сәт, деп бағалады.
Уесли Хилл, саясаттанушы, сарапшы:
Бұл Қазақстан үшін дипломатиялық аренада үлкен алға басу. Бұл елдің көпвекторлы сыртқы саясатының логикалық жалғасы. Бұған дейін Қазақстан Сириядағы азаматтық соғысты тоқтатуға бағытталған Астана процесі арқылы бейбітшілік орнату бастамасын көтерген еді. Ал Ибраһим келісіміне қосылуы – нақты табыс. Бұл Қазақстанның Таяу Шығыстағы ұзақ мерзімді тұрақтылық пен бейбітшілік орнатуда маңызды рөл атқаратынын және ислам әлеміндегі сенімді дипломатиялық ойыншы ретінде Батыс елдері мен өңірлік серіктестер тарапынан мойындалғанын көрсетеді.
Джон Хербст, дипломат, Атлантикалық кеңестің Еуразия орталығының аға директоры:
Әрине, Қазақстанның қосылуы алғашқы Ибраһим келісіміндей таңқаларлық жаңалық емес, өйткені Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Израильмен қалыпты дипломатиялық қатынас орнатқан. Бірақ бұл шешім Ибраһим келісімдерінің халықаралық беделін арттыра түседі. Қазақстан соңғы отыз жылдан бері Таяу Шығыстағы бейбіт саясатты қолдап келеді. Сондықтан бұл қадам – сол тұрақты ұстанымның жалғасы, әрі маңызды жетістік.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ 17 млрд долларлық ірі келісімдерге қол қойды
08.11.2025, 17:47
Алматыда «Заң және тәртіп» жобасы аясында «Құқықтық дәріхана» шарасы ұйымдастырылды
08.11.2025, 17:15
Шетелдік сарапшылар: АҚШ пен Орталық Азия қарым-қатынастың жаңа дәуірін бастады
08.11.2025, 17:15
Степногорск қаласының дәрігерлері отаны қарапайым палаталарда жасауға мәжбүр
08.11.2025, 17:12
Павлодарда құрылыста 58 жастағы азамат қайтыс болды
08.11.2025, 17:10
АҚШ пен Орталық Азия арасында жаңа кезең басталды
08.11.2025, 17:10
Қазақы тазы аңшылық сынақтан өтті
08.11.2025, 17:07
Спортшыларымыз Токиода өтетін Сурдлимпиада ойындарына аттанды
08.11.2025, 17:06