Басты Жаңалықтар АҚШ Қазақстанмен көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті

АҚШ Қазақстанмен көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп келіссөз жүргізді. Ақ үйде Қазақстан делегациясына ерекше қонақжайлылық танытылып, жылы қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаев құрама штаттардың бітімгерлік бастамаларын толық қолдайтынын, келешекте Орта дәлізді одан әрі дамытуға ықпал ететініне назар аударды. Дональд Трамп АҚШ-тың Қазақстанмен көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті екенін растады.

Жалпы, осы сапар аясында екі ел арасында жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Дональд Трамп пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды мәселелерді еркін форматта талқылағанын мына кадрлардан да көруге болады. Ақ үй дәлізінде қос Президент бейресми әңгіме жүргізіп, ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастауға дайын екенін білдірді.


Бөлісу