Басты Жаңалықтар Алматыда «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң талқыланды

Алматыда «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң талқыланды

Алматыда «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мәселесі кеңінен талқыланды. Жиынға Мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен аудан әкімдері қатысып, өз ұсыныстарын білдірді. Мұндағы мақсат - заңға енгізілетін түзетулердің мазмұнын нақтылап, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің тиімділігін арттыру жолдарын айқындау. Кездесуде өңірлік атқарушы органдардың мәслихат алдында есеп беру тетіктерін жетілдіру, жергілікті бюджетті басқару мен салықтық түсімдерді реттеу мәселелері көтерілді. Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның сөзінше, бұл өзгерістер жергілікті мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бүгінгі талқылауда алматылық Мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес өкілдерінің ұсыныстары аталған заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде ескеріледі дейді.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мәслихаттың облыс өміріндегі, қала өміріндегі, аудан өміріндегі рөлі жылдан-жылға артуы керек. Мінекей, біздің облыстағы, аймақтағы саяси өмір де кішкене жандануы керек. Мысал үшін, аудандық бюджет, қалалық, облыстық бюджет деген мәселелер кәдімгі қоғамның назарындағы үлкен мәселе болуы керек. Сол кезде жемқорлық азаяды, сол кезде талап өзгереді, сонда ғана біз кішкене болса да, осы қазір республикалық дәрежеде болып жатқан үлкен өзгерістерді аймаққа жеткізе аламыз деп есептеймін.

Бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

Барлығы