Ақтөбеде алаяқ жалған хабарландыру арқылы тұрғындарды алдаған
Алаяқтарға алданғандар азаймай тұр. Бұл жолы тиімді бағаға пәтер жалға беремін деп, бірнеше адамның ақшасын иеленген Ақтау қаласының тұрғыны ұсталды.
Алданғандардың үшеуі Ақтөбе қаласынан. Жәбірленушілердің бірінің айтуынша, ол жұмыс бабымен Алматы қаласына барып, сол жақтан бірнеше тәулікке пәтер жалға алмақшы болады. Алайда алаяқтың жалған хабарламасына тап болған. Ақшаны алғаннан кейін өзін пәтер иесі ретінде таныстырған адам хабарсыз қалған. Тұрғындар күдіктіге 20 мыңнан 130 мың теңгеге дейін жіберген. Бұл қаражатты ол құмар ойындарға жұмсаған.
Олег, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
Ол адам алдын ала төлем жасауды сұрады. Мен келісіп, 40 мың теңге аудардым. Одан кейін менің қоңырауларыма жауап бермеді. Алданғанымды білдім. Ақтөбе қаласына келгеннен кейін полицияға арыз жазып отырмын. Менде оған жіберген ақшаның түбіртегі мен екеуара сөйлескен хабарламалар сақтаулы.Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен 30 жастағы ер адамды ұстады. Ол krisha.kz интернет платформасына жалған хабарландыру орналастыру арқылы тұрғындарды алдап келген. Жәбірленушілердің барлығы Алматы қаласынан бірнеше тәулікке пәтерді жалға алмақ болған. Шығын көлемі 300 мың теңгеге жуық. Алайда құқық қорғаушылардың айтуынша, жәбірленушілердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Қазір басқа өңірде зардап шеккендердің бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Жәнібек Шағыров, Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:
Зардап шеккен алты адам анықталды. Оның үшеуі Ақтөбе облысының адамдары болса, қалғандары Алматы, Түркістан облысының адамдары. Қазіргі таңда Ақтөбе облысы бойынша 982 алаяқтық фактісі тіркелді. Оның зақымы 1 млрд, 500 млн теңгені құрайды.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16