Басты Жаңалықтар Шығыс Қазақстанда 280-ге жуық мемлекеттік қызмет орны бос тұр

Шығыс Қазақстанда 280-ге жуық мемлекеттік қызмет орны бос тұр

Шығыс Қазақстан облысында 280-ге жуық мемлекеттік қызмет орны бос тұр. Себебі жоғарғы оқу орнын бітірген жастардың көбі бұл салаға баруға жүрексінеді. Біріншіден лауазымды қызметке еңбек өтілі жетпейді. Оған қоса қойылатын талап пен міндет күшті. Ал қатардағы маманның жалақысы аз. Сондықтан дипломы бар жастардың көбі табысы көп саланы таңдайды. Мемлекеттік қызмет пен бюджеттік мекемелердегі жетіспейтін мамандарды толықтыру үшін Өскеменде арнайы бос жұмыс жәрмеңкесі өтті. Облыстағы департамент пен басқармалардың және аудан әкімдіктеріндегі жоғары лауазым иелері жас мамандарға мемлекеттік қызметтің қыр-сырын түсіндірді. Тоқсан сайын өткізілетін жәрмеңкенің нәтижесінде оған келген жастардың 20-30 пайызы тұрақты жұмыс табады.

Жан Асылбеков, 4-курс студенті:

Мен қазір «криминалист сараптама» мамандығын оқып жатырмын. Диплом алған соң сол мамандық Сондықтан бүгінгі жәрмеңкеде сараптамашы-криминалистер мені жұмысқа шақырды.

Арайлым Есімбекова, Облыстық еңбек мобильділігі орталығының директоры:

Қазіргі таңда 500-ге тарта осы үш жоғарғы оқу орнын бітірген тұрақты жұмыс жасамайтын, жастарға хабарластық.Сол кісілерді шақырдық. Мемлекеттік қызметте бос орындардың бара екені туралы ақпаратты бердік. Мұндай жәрмеңкеден кейін 50 пайызға дейін бос жұмыс орындары жабылады.  
 



Бөлісу