Басты Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысымен кездесті

Президент АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен кездесіп, екіжақты және өңірлік күн тәртібінің басты аспектілері жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ Сауда министрі Говард Латникпен, АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серджио Гормен стратегиялық серіктестік жайын талқылады.

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз АҚШ-пен түрлі деңгейде белсенді саяси байланыс орнатқан әрі сан қырлы ынтымақтастықты тереңдету бойынша конструктивті диалог жүргізуге дайын.

Айта кетейік, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марк Рубио 2026 жылы Қазақстанға келетінін мәлімдеді. Дипломат бұл жоспарын Вашингтонда Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесуде бөлісті. Рубио АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілінің елімізге сапарын «маңызды миссия» деп атады.


Бөлісу