Басты Жаңалықтар Астанада «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалі басталды

Астанада «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалі басталды

Бүгін Астанада Қазақстанның барлық өңірінен келген 500-ге жуық баланың қатысуымен «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивті спорт фестивалі басталды. Іріктеуге 2 мыңнан аса үміткер қатысқан. Шара аясында қатысушылар бочча, жеңіл атлетика және эстафета бойынша екі күн бойы сайысқа түседі. Бұл фестивальдің басты мақсаты – ерекше балаларды қоғам өміріне бейімдеу, олардың спорт арқылы әлеуетін ашу және инклюзивті орта құруға ықпал ету. Фестиваль  қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен арнайы сыйлықтар табысталады. «Amanat» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында елімізде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған 2 мыңға жуық инклюзия кабинеті, 700-ге тарта спорт секциясы жұмыс істейді 

Әдия Масалимов, фестивальге қатысушы:

Негізі Аянат өзі 4,5 жылдай боччамен айналысады. Бастапқыда хобби ретінде болса, қазір кәсіби тұрғыда өзін көрсетіп жүр. Үлкен жарыстарға қатысамыз. Сондықтан бочча спорты екеумізді де байланыстырды. Аянаттың қызығушылығын көріп, екеуіміз бірге осы қадамды бастық.


Бөлісу