Павлодар облысында 12 мың оқушы еңбекақы алған
Биыл республика бойынша Павлодар өңірінде алғаш рет 12000 оқушы жұмыс істеп, еңбекақы алған. Бұл 10-11 сыныптардағы жеткіншектердің 60 пайызы жазғы демалыста жұмыспен қамтылды деген сөз. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қолға алынған «Еңбек – елдің ертеңі» атты әлеуметтік жобаның игілігі жайлы тілші тарқатады.
Шапық Шөкин атындағы мектеп гимназиясында жоғары сынып оқушылары әр сенбі келіп, 4 сағат жұмыс істейді. Іңкәр Сужен «Шебер қолдар» атты элективті курсқа барып
жүр.
Іңкәр Сужен, оқушы:
Бір қолғапты тігу үшін маған 8-10 минут жетеді. Мен қолғапты тез-тез тігемін. Осының арқасында мен ақша табамын. Менің осындай өнерім бар екеніне ата-анам өте қуанышты.
Әр тігілген қолғап жұбы 200 теңге. Оның 50 теңгесі матамен жіпке, ал 150 теңге оқушының еңбекақысы. Қолғаптың дайын қиындысын жергілікті тігін фабрикасы беріп
отыр. Жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының
жетекшілігімен іске асуда.
Владимир Берковсий, ҚХА қоғамдық кеңесінің мүшесі:
Мен ассамблеяға Павлодардағы 12 жүйе құраушы кәсіпорынды шақырып алдым. Олармен мынандай келісімге келдік. Шамамен оларға қажетті арнайы жұмыс киімінің 5 немесе 10 пайызын мектептерде дайындауға тапсырыс береді. Мәселен, алюминий зауыты ай сайын 5 мың брезент қолғап сатып алады екен. Соның 5 пайызын берсе, мектеп оқушылары үшін үлкен еңбекақы ғой.
Балалардың өндіріске қажетті қолғап тігулерінің сыры осы. Өнімнің алушысы бар.
Ендігі мақсат кәсіпорындарға қажетті токарлық және ағаштан жасалатын бұйымдар
дайындау.
Зарина Жүсіпова, көркем еңбек пәнінің мұғалімі:
Біздің мақсат – балаларды тек тігу өнеріне үйрету ғана емес, жұмысшы мамандығы сұранысқа ие, беделді және нақты табыс әкеле алатынын көрсету. Балалар тапқан ақшасын алған кезде экономикалық сауатты болады, тәртіпті болады және мотивация береді.
Мектеп ішінде ғана емес, жоғары сынып оқушылары трамвай мен автобустарда
бақылаушы болып жұмыс істесе, ауылдық жерлердің оқушылары бақташыға көмекші
болып немесе көкөніс алқаптарында табыс тапқан. Демек «Адал азамат» бірыңғай
тәрбиелік бағдарламасы аясында қолға алынған «Еңбек – елдің ертеңі» жобасы
еңбекқор әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу алаңына айналып отыр. Ең бастысы жұмыс
істеуге ниет білдірген оқушылар саны артып келеді.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
С5+1: Қазақстан экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді
06.11.2025, 20:17
Бала сабақта телефон ұстаса, ата-ана айыппұл төлейді
06.11.2025, 20:12
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысымен кездесті
06.11.2025, 20:11
Жаһан жаңалықтарына шолу
06.11.2025, 20:11
Мемлекет басшысы Вашингтонға барды
06.11.2025, 20:10
Әлем халқы толған айды тамашалады
06.11.2025, 17:37
Астанада «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалі басталды
06.11.2025, 17:35
Қостанайдағы медицина ұйымдары жаңа көлік алды
06.11.2025, 17:30