Жайықты жағалаған броконьерлер азаяр емес
Атырау облысында Жайық өзенінен заңсыз балық
аулайтын броконьерлер азаймай тұр. Балық инспекциясы шілде айынан бері олардан
80 заңсыз ау құралы мен 20-ға жуық қайықты тәркілеген. Инспекторлар жыл басынан
бері тұрақты түрде рейд жүргізіп келеді. Тек биылдың өзінде екі мыңнан аса заң
бұзу дерегі анықталып, сотқа жолданған. Оның ішінде 10 азаматтың үстінен
қылмыстық іс қозғалды. Ал қалғандарына 30 млн теңгенің үстінде әкімшілік
айыппұл салынған.
Исабек Ғұмаров, «Теңіз»
балық инспекциясы бөлімінің бас маманы:
Құқықбұзушылар ау құралдарын жағалауға, жыңғылдың, қамыстың арасына жасырып кетеді. Соларды арнайы моторлы қайықтармен жүріп, осылай жинап әкеліп, ішке сақтаймыз. Бұл балықтың миграциясына тиімді екені белгілі.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12