Басты Жаңалықтар Алматыда 500 орындық жатақхана ашылды

Алматыда 500 орындық жатақхана ашылды

Алматыда 500 орындық жатақхана қолданысқа берілді. Жаңа ғимарат Азаматтық авиация академиясының білім алушыларына арналған. Жоба мемлекет пен жеке инвесторлардың бірлескен қаржыландыруы негізінде жүзеге асырылды. Бұл бастама бизнес пен білім беру салаларының өзара ынтымақтастығын, авиация саласы мамандарын даярлауға арналған заманауи инфрақұрылымды дамытуға бағытталып отыр. Аумағы 7 мың шаршы метрден асатын 4 қабатты студенттер үйі заманауи талаптарға сай жасақталған. Мұнда спорт залдары, демалыс орындары, медициналық кабинет және абаттандырылған аула бар. Әр қабатта ас үй, оқу аймақтары мен коворкинг алаңдары да орналасқан. Ал жатақханада тұру құны ай сайын 40 мың теңгеден аспайды, - дейді академия басшылығы.

Бекен Сейдахметов, Азаматтық авиация академиясының ректоры:

4 мыңдай бізде студенттер оқиды. Оның жартысы Алматы облысының тумалары, қалғандары басқа елді мекеннен келген студенттер. Сұраныс бар. Қалған балаларымыз келісімшартпен хостелдерде тұрып жатыр. Жақын кезде тағы да конкурс жариялап, инвесторлар тауып, келесі жылы 500 орын жатақхана ашамыз деген алдымызда тұрған жоспарымыз бар.


Бөлісу