Қостанайда жел электр станциялары салынып жатыр
Қостанайда инвестициялық жоба аясында құны 38 млрд теңге болатын екі бірдей жел электр станциясы салынып жатыр. Баламалы қуат көзі барлығы 100 мегаватт электр энергиясын өндіреді. Бүгінде өңірдің тұрғындары бір жылда сағатына 4 млрд кВт тұтынса, соның 23 пайызы ғана облыста өндіріледі. Сондықтан соңғы жылдары жаңартылатын энергия көздерін дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Биылғы жоспарға сәйкес 580 млрд теңгеге жалпы қуаты 1,2 ГВт болатын алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ.
Марат Әбішев, Қостанай ауданы әкімінің орынбасары:
Бұл электр энергия тек қана Қостанай ауданы емес, облыс, республика аймағына тарататын энергия. Қазіргі уақытта 7 мачтасы қойылды. Желі тартылып жатыр, қосалқы станция салынып жатыр. Барлық жобаны келесі жылдың басында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06