ЖИ теңіз астын тез зерттейді
Ғалымдар теңіз жануарларын зерттеуге жасанды интеллектіні пайдаланады. Жылдамдығы сағатына 1490 км-ге жететін, дыбыссыз ұшақ алғашқы сынақтан өтті. Әлемдегі техно-жаңалықтар туралы әріптесім Темірлан Нұржанұлы айтады.
Жасанды интеллектінің көмегімен мұзды материк – Антарктида маңындағы су жануарларын зерттеу жеңілдей түспек. Жаңа технология теңіз түбінің суретін секундтап талдайды. Әдетте бұған сағаттар, тіпті жылдар бойы уақыт жұмсалатын. Британ Антарктикалық қызметі әзірлеген құрал теңіз жұлдыздарын, маржандар мен балықтарды сынды суасты тіршілік иелерін тез анықтайды. Осылайша Антарктиданың осал теңіз экожүйелерін картаға түсіреді.
Хью Гриффитс, теңіз биогеографы:
Теңіз түбінен түсірілген бір ғана суретте мыңдаған ұсақ теңіз жануарлары болуы мүмкін. Оны мен сияқты тәжірибелі маман талдап, қай түрі екенін анықтауға шамамен сегіз сағат жұмсайды. Ал енді біз теңізге шыққанда қайтпай жатып нәтижелер дайын тұрады. Бұл бізге бірден шешім қабылдап, әрекет етуге мүмкіндік береді.
Бұл NASA компаниясының Х-59 атты үнсіз ұшағы. Бірнеше күн бұрын ғана әуе кемесі Калифорнияның оңтүстігінде алғашқы сынақтан сәтті өтті. Ұзындығы 30 метрге жететін қанатты көлік 16 700 метр биіктікте көтеріліп, сағатына 1490 км жылдамдықпен ұша алады. Өте тез ұшса да, дыбыссыз ұшады. Себебі аспан кемесінің пішіні аэродинамика заңдарына әбден бейімделіп жасалған. Ұшақ дыбыс кедергісін бұзған сәтте қатты дыбысты бәсеңдетеді.
Ал Apple компаниясының нарықтық құны алғаш рет 4 триллион долларға жетіп, жаңа тарихи белесті бағындырды. Осылайша ол бұл межеге жеткен әлемдегі үшінші ірі технологиялық компания. Оның акцияларының өсуіне жаңа iPhone үлгілеріне деген жоғары сұраныс түрткі болған. Қыркүйектің 9-ы жаңа өнімдерін таныстырғаннан бері компания акциялары шамамен 13 пайызға қымбаттаған.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup: 2-тур ойындарының соңғы матчтары өтеді
23.06.2026, 20:31
Д.Сәтпаевтың трансферлік құны өсті
23.06.2026, 20:27
Қос елдің ортақ фильмі: Корея актерлары алматыға келді
23.06.2026, 20:26
Бүгін – Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
23.06.2026, 20:17
Бүгін - Мемлекеттік қызметшілер күні
23.06.2026, 20:11
«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтті
23.06.2026, 20:10
Орта дәліздің стратегиялық әлеуеті талқыланды
23.06.2026, 20:05
Брюссельдегі келіссөздер: Ықпалдастықтың жаңа бағыты айқындалды
23.06.2026, 20:05