Маңғыстауда мысық тістеген тұрғын құтырма ауруынан көз жұмды
Маңғыстауда Бейнеу ауылының тұрғыны құтырма ауруынан көз жұмды.
43 жастағы
әйел аудандық ауруханаға келіп, медициналық көмекке жүгінген. Тексерулер
нәтижесінде оған «құтырма» диагнозы қойылған. Науқас өзін тамыз айында жабайы
мысық тістегенін айтқан. Өкінішке қарай, әйел 3 күннен соң, аталған дерттен
қайтыс болды. Дәрігерлер науқас уақытында медициналық көмекке жүгінбеген, -
дейді. Айта кетейік, облыста жыл басынан бері 1300-ден астам адам құтырмаға
қарсы вакцина алуға келген. Зардап шеккендердің жартысынан көбі - балалар.
Гүлнар Көркенбаева,
Маңғыстау облыстық Санитариялық – эпидемиялогиялық департаменті басшысының
орынбасары:
Науқасты тамыз айында маңдайынан белгісіз жабайы мысық далада жатқанда тістеп алған. Дер кезінде уақытылы медициналық көмекке жүгінбеген. Бүгінгі күнге осы халыққа, тұрғындарға айтарымыз, егер де белгісіз жануарлардың белгілі болсын тістеуінен, сілекейлеуінен, тырнауынан зардап шеккен кезде дер кезінде антирабикалық көмекті алу үшін медициналық көмекке жүгіну қажет. Себебі, құтырма ауруының емі жоқ.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00