Мәжіліс банк қызметі мен ерекше балаларды қолдау жайлы заң жобаларын қарайды
Бүгін Мәжілісте елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін бірнеше маңызды заң жобасы қаралады. Дәлірек айтсақ, депутаттар ерекше балаларды қолдау жайлы жаңа заңды жұмысқа алды. Ал банктер туралы норманы бірінші оқылымда талқыламақ.
Жәнел Өтеулі, тілші:
Жаңа заң жобасы қаржы секторын түбегейлі өзгертпек. Осы уақытқа дейін банктер мемлекеттен миллиардтап көмек алса да, өндіріске несие беруге құлықсыз болды. Экономиканы дамытуға көңіл бөлмей, тек пайда табуды ойлады. Мұны Мемлекет басшысы Жолдауда айтып, Үкімет пен Ұлттық банкке нақты тапсырма жүктеген еді. Министрлік бүгін сол заңды бірінші оқылымға алып келді. Енді банктер нақты секторға несие береді, оған көнбесе, қомақты салық төлеуі мүмкін. Ал бәсекені күшейту үшін жаңа банктер құрылады. Бұдан бөлек, бүгін ерекше балаларды қолдауға арналған заң қаралып жатыр. Оңалту орталықтарына тексерісті күшейту мен білім бағдарламаларын жаңарту жайы осы құжатта қамтылған. Мәжіліс отырысы енді ғана басталғанымен, осындай біраз тың ақпар айтылды. Екі заң жобасы да әлі бірнеше сағат талқыланады. Ерекше балаларға тағы қандай көмек қарастырылады? Ал банктер көбейсе, несие арзандай ма?
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өкілдер палатасы Ирандағы соғысқа қарсы қарар қабылдады
04.06.2026, 20:54
Шерудің соңы тәртіпсіздікке ұласты
04.06.2026, 20:53
Сотталғандар тәртіп бұзбаса жазасы жеңілдеуі мүмкін
04.06.2026, 20:52
14 жастағы қызына анасы бүйрегін берді
04.06.2026, 20:50
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық бірегейліктің айнасы
04.06.2026, 20:46
Рәміздер – ел бірлігінің нышаны
04.06.2026, 20:44
Мемлекеттік рәміздер күні ерекше аталып өтті
04.06.2026, 20:43
Рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
04.06.2026, 20:36