Басты Жаңалықтар Алматыда республикалық пікірсайыс турнирі басталды

Алматыда республикалық пікірсайыс турнирі басталды

Алматыда Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай республикалық пікірсайыс турнирі басталды.

Екі күнге созылатын шарада еліміздің әр өңірінен жиналған 180 үздік спикер топқа бөлініп, бақ сынайды. Турнир Дүниежүзілік пікірсайыс форматының ережесіне сай үш тілде өтіп жатыр. Дебатта қатысушылар заң мен тәртіп мәселесі, қоғамдағы әйел адамның орны мен бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі секілді тақырыптарда ой қозғап, өз ұстанымдарын дәлелдеді. Шараның мақсаты – оқушылардың бойына азаматтық жауапкершілік пен қоғам алдындағы саналы ұстанымды қалыптастыру, сыни ойлау дағдыларын дамыту, - дейді ұйымдастырушылар.

Жәния Есенжолова, Оқу-ағарту министрлігі республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары:

Біріншіден, олар білімдерін жетілдіреді, жан-жақты. Екіншіден, ойларын толық, еркін жеткізуге үйретеді және азамамттық позициялары қалыптасады. Өзінің ой-өрісі кеңейеді, әр оқушының. Кейбір тақырыптарды алдын-ала дайындалуға берді. Ал қалған үш-төрт тақырыппен балалар мүлдем таныс емес. Осы жерде дайындалып, қорғайды.

Мәди Бердіхан, оқушы:

Әртүрлі тақырыптағы, әртүрлі аспектілердегі тақырыптар келеді. Табыс деңгейін барлығына тең қылу деген тақырып кішкене қиындау болды. Себебі, абстрактілі тақырып болғаннан кейін талдауға да, жазуға да қиындық туғызды.  


Бөлісу