ІІМ көлік жүргізушілеріне сақ болуды ескертеді
Ішкі істер министрлігі ел аумағында ауа райының бұзылуына байланысты автокөліктерді қысқа дайындау қажеттігін және мейлінше сақ болу керегін ескертеді. Күн райы күрт құбылса, алыс сапарлардан бас тартуға кеңес береді. Өйткені синоптиктердің болжамынша, бүгіннен бастап көптеген өңірлерде қар жауып, көктайғақ болады, жел күшейіп, жолдың көрінуі қиындайды. Бұған дейін «Қазгидромет» 4-6 қараша аралығында 11 өңірде қолайсыз ауа райы болатынын хабарлаған еді.
Айдын Оразбаев, ІІМ Әкімшілік Полиция комитеті басқармасының бастығы:
Доңғалақтардың, тежегіш жүйесінің жағдайын, техникалық сұйықтықтардың деңгейін және қажетті қысқы жабдықтардың бар-жоғын тексеріңіздер. Әсіресе жолаушылар тасымалдаумен айналысатын және қалааралық жолдарға шығатын жүргізушілерге айтарымыз: жылдамдық режимін, арақашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтаңыздар.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05