Ауыл шаруашылығы банкі керек пе?
Дербес ауыл шаруашылығы банкін ашу туралы ұсыныс бізде оқтын-оқтын көтеріледі. Жақында Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы С. Егізбаев Үкіметке сондай сауал жолдады. Арнайы банк арқылы несие 2–3 пайызбен берілсе, сөрелерде ет те, басқасы да көбейіп, арзандайтын еді, дейді ол.
Шаруалар техника алу үшін бір ұйымға, дән сеуіп, астық бастыру үшін басқа бір ұйымға барады. Соны неге бір банктен бере алмаймыз? Депутат агробанк аштырмай отырған - басқа үлкен банктер, деп ойлайды. Оларға ауыл шаруашылығына бөлінетін қомақты қаржыдан айырылмау керек, сондықтан банк ашылмауы үшін лобби жүргізеді, деп санайды.
«Ау, Аграрлық несие корпорациясы бар емес пе?» - деп ойлайсың. Тағы бір депутат Ж. Дайрабаевтың сөзінше, оның өзінен несие алу үшін 35-ке жуық құжат дайындалады екен.
Алайда кейбір мамандардың есебінше, дербес агробанк керек емес. Ол пікірін: «Бюджеттің кірісі 15 трлн-ға да жетпейді, шығысы болса 21 трлн-нан асады. Мұндай жағдайда фермерге 3 пайыздық кредит берсе, қазына ұзаққа бармайды», - деп тұжырымдайды.
Агробанк біздің елімізде де болды. «Жабу керек» деген тұжырымға апарған аргументтер мен фактілер шынайы ма еді? Әлде қалай? Өзбекстандағы, Беларусь пен Ресейдегі агробанктер қалай жұмыс істеп тұр, ал?
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы