Депутат: Күре жолдардағы салмақ нормасы мен жобалау стандарттары сәйкес келмейді
Мәжіліс депутаттары күре жолдарды жобалау мен тіршіліктегі жүктеме арасында сәйкессіздік барын айтады. Бұл жалпы экономикаға, оның ішінде тасымалдаушыларға да, азаматтарға да шығын.
Мәселенің мәнісі мынадай: жоба бойынша ось сызығы (ось сызығы дегеніміз — бір дөңгелекке түсетін салмақ) 13 тоннаға дейін есептеледі. Тиісінше, сол 13 тоннаға сай ақша бөлінеді: жабын, қиыршық тас, цемент, асфальт қоспасы және т.б. Алайда іс жүзінде жолдардағы талап - жүк 10 тоннадан аспау керек. Демек, жолдар 13 тонна деген нормамен салынады, бірақ тіршілікте 10 тоннадан аспайтын жүкпен ғана жүреді. 3 тонналық айырмашылық жүкті 30 пайызға азайтады, — деді Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев.
Бұл норматив қайдан шықты? Жауабы жоқ. Ал тасымалдаушыларға да, азаматтарға да шығын деудің себебі осы жерде жатыр — тауар көлемі азайғасын жүк тасымалының өзіндік құны артады, тиісінше, тауарлар бағасы қымбаттайды.
Сонымен 13 тонна деп жоспарланады және соған сай ақша бөлінеді. Бірақ талап — жүк 10 тоннадан аспауы керек. Еріксіз түрлі ойға жетелейді, солай емес пе?
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы