Көлікті лизингке алу тиімді ме?
Өкіметтің халыққа арналған автолизинг жүйесін енгізу жоспары бар. Бірақ пайыздық мөлшерлемесі, бастапқы жарнасының көлемі, жалпы бағдарлама әлі дайын емес, себебі жарияланған жоқ.
Өкіметтің ойы түсінікті - азаматтардың жаңа көлік сатып алу мүмкіндігін арттыру, отандық автоөндірісті қолдау. Лизингпен рәсімдеудің алғашқы жарнасы да, пайыздық мөлшерлемесі де жеңілдеу болуы керек. Бұл - жақсы. Дегенмен, шын солай бола ма?
Елімізде лизинг заңды тұлғаларға ғана беріледі. Дәлірегі - автопаркі бар компанияларға.
Негізі, әлемде бар тәжірибе. Құрама Штаттарда көліктердің төрттен бірі лизинг арқылы рәсімделеді. Лизинг дегеніміз, қарапайым айтқанда, автомобильді ұзақ мерзімге жалға алып, мерзімі аяқталғанда оны толықтай сатып алуға мүмкіндік беретін инструмент. Автонесиеден айырмашылығы - сатып алушы көлікті пайдалану кезеңіндегі «шаршауына», яғни амортизациясына төлейді. Сондықтан жарнасы мен төлем мөлшері арзанырақ шығады.
Жаңа айтқан Құрама Штаттарда адамдар, мысалы, лизингке алған көлігін екі-үш жыл мінгесін қайтарып, басқа жаңа көлік рәсімдеп жатады. Ал ең басты қауіп - лизингке көлік берген кәсіпорын банкротқа ұшыраса, адам машинадан айырылып қалады.
Себебі лизинг рәсімдеген азамат көлік иесі емес, пайдаланушы ғана. Сондықтан сақтандыру жүйесі керек! Демек, әбден пысықтап, әбден саралап, әбден пісіріп енгізетін жүйе.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы