Соңғы екеуі халықаралық форум аясында Сеул мен Берлинде ашылды. Бұл жөнінде Астанада өткен арнайы баспасөз мәслихатында белгілі болды. «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты шара аясында арнайы делегация Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Германия және АҚШ еліне барып, жергілікті зиялы қауыммен кездесті. Өзара әріптестік мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, қазақстандық авторлардың кітаптары таныстырылып, тұсаукесері ұйымдастырылды.
Несіпбек Айтов, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын:
Біздің бір топ делегация Лондонда, Берлинде болды, ал, біз Сеулде болдық. Осы сапарлардың өзінде бүгінгі Қазақстанға деген, біздегі атқарылып жатқан игі істерге деген шетелдіктердің ынтасының, елімізге деген көзқарастарының, пікірлерінің өте жоғары екендігін көріп қайттық. Бұл іс жалғаса беруі керек. Өте керек нәрсе.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.