Қазақстан Орталық Азия мен Еуразия аймағындағы академиялық хабқа айналуы мүмкін
Қазақстан алдағы бірер жылда Орталық Азия мен Еуразия аймағындағы академиялық хабқа айналуы мүмкін. Бұл жөнінде QS халықаралық рейтинг агенттігінің президенті айтты. Оның есебінше, Қазақстанда рейтингі жоғары оқу орындарының саны артып келеді. Мәселен, биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уинверситеті әлемнің үздік 200 университетінің қатарына енді.
Нунцио Квакварелли, QS халықаралық рейтинг
агенттігінің президенті:
QS халықаралық рейтингіне енген қазақстандық жоғары оқу орындарының саны артты. Сіздердегі білім беруді интернационалдандыру және ғылыми бәсекеге қабілеттілікті арттыру тенденциясы өте жоғары. Университеттер халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып жатыр. Біздің болжамдарымыз бойынша жасанды интеллект Қазақстандағы жұмыспен қамту ландшафтын айтарлықтай өзгертеді. 2035 жылға қарай кәсіптердің 50%-ға дейіні ішінара автоматтандырылады.
150 жылдық тарихы бар Кардиф университетінің кампусы алғаш рет биыл Қазақстанда ашылғаны белгілі. Жасанды интеллект, биотехнология және медицина бағытында білім беретін оқу орны биыл бакалавриаттарға жасанды интеллект бойынша білім берсе, келер жылы бұл тізімге магистратураны да енгізбекші. Бұдан бөлек жоғары оқу орны цифрлық мүмкіндіктерді үйрететін арнайы «From Zero to Hero» платформасын іске қосты.
Венди Ларнер, Кардифф университетінің президенті:
Сіздердің құлшыныстарыңыз бен мүмкіндіктеріңізді көріп, осы елде кампус ашу жөнінде шешім шығардық. Бізді әсіресе AI-сана секілді жасанды интеллект бағытындағы жобалар таң қалдырды. Бұл бастамаларға өз үлесімізді қосқымыз келеді. Сондықтан AI Learning and Innovation Centre for Excellence орталығын аштық.
Пен Дуань, Бейжің тіл және мәдениет университетінің президенті:
Қазақстанда біздің филиалды ашу арқылы Орталық Азиядағы қытай тілін оқытудың алғашқы орталығын құрылды. Бұл стратегиялық тұрғыда өте маңызды қадам. Сол секілді Қытайдағы 5 жетекші оқу орнында да қазақ тілі мен мәдениетін оқыту орталықтары ашылды. Біз құрметті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір кездері Бейжің тіл және мәдениет университетінде білім алғанын мақтанышпен айтамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы 
                                 
                                 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                    