Басты Жаңалықтар Сарапшы: Қазақстан мен Орталық Азияның экономикалық ынтымағы артып келеді

Сарапшы: Қазақстан мен Орталық Азияның экономикалық ынтымағы артып келеді

Инфляцияның өсуі аймақ үшін негізгі саяси тәуекелдердің бірі. Осы ретте баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп, экономиканы әртараптандыруға бағытталған шараларды қолға алу қажет. Бұл туралы Алматыда өткен Халықаралық валюта қоры ұйымдастырған өңірлік экономикалық болжамға арналған панельдік пікірталаста айтылды. Қордың Таяу Шығыс және Орталық Азия департаментінің директоры Джихад Азур Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінің әлеуетін арттырып, экономиканы реттеу мақсатында фискалдық саясатты күшейту маңызды екенін айтты. Бұған қоса, геосаяси өзгерістер Қытай мен Еуропаның, шығыс пен батыстың тоғысқан жерінде орналасқан Қазақстанның рөлін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Яғни, байланыс пен инфрақұрылымды дамытып, бәсекелестікті күшейтуге болады, - дейді Джихад Азур.

Джихад Азур, ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия департаментінің директоры:

Орта Азия елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріле бастады. Аймақ елдері ортақ нарық құруға жақындап келеді. Бұл бастама тауарлар мен қызметтердің еркін айналымына жол ашып, аймақтың экономикалық әлеуетін арттырмақ. Орта Азия елдерінің экономикасы осы жылы болжаған деңгейден артық қарқынмен өсті. Дегенмен тәуекелдер де бар. Геосаяси тәуекелдер мен геоэкономикалық бөлшектену мұнай және газ секторы үшін тұрақсыздық тудырады. Бұл мұнай бағасы төмендеген жағдайда мұнай өндіруші елдерге әсер етеді.


Бөлісу