Маңғыстаудың Мұнайлы ауданында алғаш рет кәріз жүйесі салынуда
Маңғыстауда Мұнайлы ауданында алғаш рет орталықтандырылған кәріз жүйесі жүргізіліп жатыр. Жоба аяқталуға жақын. Нәтижесінде аудандағы ең өзекті мәселе шешілмек. Себебі бүгінге дейін кәріз суы Дәулет ауылының іргесіндегі шұңқырларға жиналып, тұрғындарға қолайсыздық тудырып келеді.
Дәулет ауылының тұрғыны Алексей Тайғараев кәріз суынан елді мекен халқы зардап
шегіп отырғанын айтады. Себебі лас су тұрғын үйлерге дейін жеткен. Өйткені аудандағы
көп қабатты үйлер мен теміржол мекемелерінің қалдық сулары осы ауылдың жанына
жиналады.
Алексей Тайғараев, Дәулет ауылының тұрғыны:
Бұл қалдық су жерге сіңіп болды, ары қарай сіңетін жері жоқ. Бәленбай жылдан бері, мысалы, 30 жыл болған шығар осының ағып жатқанына. Енді біздің ауыл шетінен салынып жатқан, жаңадан салынып жатқан үйлердің бұл құдығын тесіп жатыр.
Ауданда аталған мәселені шешу үшін орталықтандырылған кәріз жүйесін жүргізу жобасы қолға алынған. Оның аясында ұзындығы 121 шақырымдық құбыр жүргізіліп, заманауи 11 сорғы орнатылып жатыр.
Қыдырберген Бәлиев, Мұнайлы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:
30 мың тұрғынға кәріз жүргізілді. Барлық аулаға дейін жеткізілді. Көпқабатты үйді қамтамасыз етті. Жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлердің барлығы қосылып, мәселені шешетін болды, барлығын толықтай. Қараша айының соңына шейін іске қосылады. Тек қана 11 сорғы қалды, соны қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр, 95 пайызға аяқталды.
Ауданның кәріз жүйесі әрі қарай Ақтау қаласының кәріз тазарту құрылысына қосылмақ. Нәтижесінде бұрынғыша қалдық суды далаға төгіп, табиғатты ластау тоқтатылады.
Азамат Аңғаров, Маңғыстау ауылының тұрғыны:
Мына кәріз жүйесі орналытуы – тұрғындардың өмір сапасын арттыру жолындағы үлкен қадам. Бұл біздің ауданда мұндай жағдай болмаған негізінде. Енді біз бірнеше жылдан бері кәріз жүйесі мәселесін көтеріп жүрдік. Қазір, міне, кәріз жүйесі орнатылып жатыр.
Орталықтандырылған
кәріз жүйесі шамамен бір айда толық іске қосылмақ. Жобаға республикалық және
жергілікті бюджеттен 4 млрд-тан астам қаражат бөлінген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы