«Торғай – Ырғыз» жолы 1 наурыздан бастап салынады
Торғай – Ырғыз бағытындағы жолдың құрылысы келесі жылы 1 наурызда басталады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді. Оның айтуынша, мердігер компания Арқалық қаласының маңында өз қалашығын құрып, құрылысқа қажетті материалдарды әзірлеп жатыр. Сондай-ақ жол салу үшін жер учаскелерін бөлу, электр желісін тарту сияқты мәселелер пысықталып жатыр. Бұдан бөлек жол құрылысына қажетті қаржы есептеліп, қаржылық институттарға қорытындысы беріледі деді Дархан Иманашев.
Дархан Иманашев, «ҚазАвтоЖол» ҰК басқарма төрағасы:
Біздің жоспарымыз бойынша қыс мезгілі кезінде олар толық карьер мәселесін шешуі керек. Ол тас, құм карьерлері. Соны шешкеннен кейін 1 наурыздан бастап, толық жұмыстарды жоспарлап жатырмыз. Біз нақты жұмысты көктемде бастаймыз деп отырмыз, бірақ оған дейін толық дайындық жұмыстарын дайындауымыз керек.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17