Абай облысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда
Абай облысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл 5,6 миллиард теңге бөлінді. Соның аясында Аягөз қаласында жаңа жансақтау бөлімі салынды. Жобаға 1 миллиард 400 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Бөлім 5 реаниматолог және орта буынды медицина қызметкерлерімен толық қамтылды. Бағдарлама аясында магниттік-резонанстық томография орнату үшін қосымша құрылыс жүргізілуде. Ол желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Осылайша бұрын денсаулығын тексерту үшін облыс орталығына сабылатын аудан халқының мәселесі шешілді. Сонымен қатар аудандағы 7 ауылда жаңа амбулаториялар мен медициналық пункттер салынды.
Шалқар Омаров, Аягөз аудандық ауруханасының бас дәрігері:
Бұрын бұл бөлім аурухананың бесінші қабатында орналасқан болатын. Бұл - реанимация бөлімі мен қарқынды емдеу жансақтау бөлімі. Керекті құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған. Ішінде қолдан тыныс алу аппаратымен, төсек жабдықтары, фиброонкоскоп, бүйректі жасанды қамтамасыз етумен толық қамтамасыз етілген.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04